26 ноября 2026
USD — EUR — RUB — CNY —

Бүгінгі жекешелендірудің мақсаты – жеке секторға кедергі келтірмеу және көмектесу 

27 июня 2016 Просмотры: 1 585
Бүгінгі жекешелендірудің мақсаты – жеке секторға кедергі келтірмеу және көмектесу 
Алматы. 27 маусым. Ақпараттар орталығы. Бүгінгі жекешелендірудің мақсаты – жеке секторға кедергі келтірмеу және көмектесу, деп санайды Қазақстан қаржы министрі  Бақыт Сұлтанов.

Министр атап өткендей, қазір мүлікті жекеменшікке беру үдерісі белсенді жүргізіліп жатыр. Ол мемлекеттік меншік секілді, холдингт ер мен ӘКҚ мүліктерін де қамтиды. Бұл құны 2 трлн теңгеге жуық 1056 дана орта және ірі нысандар.

«Егер 90 жылдардағы жекешелендірудің бірінші  толқынының мақсаты нарық экономикасының  нарығын құру болса, қазіргі жекешелендірудің мақсаты – жеке секторға кедергі келтірмеу, нарық дамыған кезде мемлекеттік монополияны алып тастау», - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 82,5 млрд теңгенің 274 нысаны жүзеге асырылды.Оның ішінде холдингтер 67 млрд теңге өндірді

Қаржы министрінің айтуынша, «жекешелендірудің екінші толқынының» ерекшелігі топ-65 құрамына ірі әлеуетті нысандарды тарту. Оған ерекше әдіс қажет – халықаралық тәуелсіз консультанттар тартылып, әрбір нысанға жол картасы әзірленеді. Талап барлық қатысушыға бірдей. 

«2020 жылға қарай экономикаға мемлекеттің қатысуы ЖІӨ 15 пайызына дейін қысқартады», - деді Б.Сұлтанов бүгін Астанадағы есепті кездесу барысында.